Трамп: Владимир Путинмен келіссөз нәтижелі болды

Владимир Путинмен өткен келіссөз нәтижелі болды. Дональд Трамп өзінің «Тру» әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды, деп хабарлайды 24kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұған дейін Ақ үй басшысының арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде Владимир Путинмен кездескен еді. Трамп бұл басқосудан кейін Украинада қарулы қақтығысты тоқтату мүмкіндігіне сенетінін жазды.

Айта кеткен жөн, 11 наурызда Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина делегациялары арасында келіссөздер өтті.

Кездесуде ресми Киев, Вашингонның оқ атуды 30 күнге тоқтату туралы ұсынысына келісті. Ал АҚШ Украинаға әскери көмегін қайта жандандырды.

Қазір оқып жатыр

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын мәлімдеді

7 трлн теңге дауы: банктерде тексеріс жүріп, заңбұзушылықтар анықталып жатыр

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтеріне қоныстанды

500 мыңнан астам қазақстандық қарызын өтей алмай жүр