Трамп Украинаға көрсетілетін әскери көмекті сирек кездесетін пайдалы қазбалараға айырбастамақшы

АҚШ – Украинаға қару-жарақ жеткізетін ең ірі мемлекет.

torange.biz |

Алматы, NEGE. Бұған дейін EuroNews Дональд Трамп Украинаға көрсетілетін әскери көмекті сирек кездесетін пайдалы қазбаларға айырбастауды ұсынғанын хабарлаған еді. Мұндай келісімге Киев те қарсы емес сыңайлы.

Ал Трамп «Біз Украинаға беретін көмек орнына олардан сирек кездесетін металдарды, мұнай мен газды алғымыз келеді. Бұл – әділ келісім. Біз миллиардтаған доллар береміз, бірақ соған сай пайда көруіміз керек. Енді ақымақ болмаймыз», – деп мәлімдеді.

Алайда Трамп билікке келген соң, көмек қысқаруы мүмкін деген алаңдаушылық болғаны белгілі. Сондықтан Киев үшін Вашингтонмен экономикалық негізі бар ұзақ мерзімді келісім жасау маңызды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?