Трамп салықты азайтатын заң жобасына қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақ үйдің көгалында жаңа заң жобасына қол қойды. Бұл туралы CNN порталы хабарлады.

© AP Photo / Evan Vucci

Алматы, NEGE. Бұл заң жобасы:

  1. АҚШ-тың мемлекеттік қарызының шекті мөлшерін 5 триллион долларға арттыруды;
  2. Бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуды;
  3. Әскери шығындарды көбейтуді көздейді.

"Біз уәде бердік, соны орындадық. Демократия туған күндегі демократияның жеңісі. Айта кетейін, халық риза", — деді Трамп қол қою рәсімінде.

Бұл заң жобасын АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы бастапқыда қолдамаған. Дегенмен кейін президенттің тікелей араласуымен қабылданды.

Заң жобасы "Біртұтас, ауқымды, көркем" деп аталып отыр және бұл ауқымды бюджет және салық саясатына қатысты реформа. Онда салықтарды азайту, сондай-ақ мемлекеттік шығындарды кейбір салаларда қысқарту қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды