Трамп Ресей мен Украина арасындағы келіссөзге қатысу үшін Ыстанбұлға ұшып баруы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер өтетін 15 мамыр күні Ыстамбұлға баруы мүмкін екенін мәлімдеді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол бұл кездесуді елеусіз қалдыруға болмайтынын атап өтті.

Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген сөзінде Дональд Трамп: 

«Мен ол жаққа баруды ойлап отырмын. Бейсенбіде қайда болатынымды әлі білмеймін. Кездесулерім өте көп, бірақ сол жаққа ұшып баруды қарастырып жатырмын. Оған мүмкіндік болады деп ойлаймын», – деді.

Дональд Трамп Ресей мен Украинаның Ыстанбұлдағы келіссөзінің әлеуеті зор деп есептейді және оның «оң нәтижелі» болатынына үмітті.  Ол бұл келіссөздерге Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің де қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?