Трамп Путинмен кездесуін кейінге қалдырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Будапештте Ресей басшысы Владимир Путинмен жоспарланған кездесудің болмайтынын айтты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Трамп Будапештте Путинмен әзірге кездеспейтінін мәлімдеді.

«Біз президент Путинмен кездесуді тоқтаттық. Бұл қазір дұрыс шешім емес деп ойладым. Біз күткендей нәтиже бермейтінін сездім. Сол себепті кездесуді болдырмадым. Бірақ болашақта оны міндетті түрде өткіземіз», – деді АҚШ басшысы журналистерге Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен өткен кездесуден кейін.

Осы апта басында Кремль Трамп – Путин саммиті алдағы бір-екі аптада өтетінін мәлімдеген еді. 

Қазір оқып жатыр

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді