Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяда кездесті

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың кездесуі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы Кимхэ әуе базасында басталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұған дейін әуе базасына америкалық әскерилер орналастырылған еді. Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяға Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін келді.

Екі ел көшбасшыларының кездесуі шамамен 1 сағат 40 минутқа созылды.

Бұл екі ел көшбасшысының кейінгі алты жылдағы алғашқы кездесуі. Америка және Қытай делегациялары екі елдің сауда-саттық мәселелерін талқылады.

Трамп келіссөздердің сәтті өтетініне сенім білдіріп, Си Цзиньпинмен өзара қарым-қатынасының тамаша екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты