Трамп пен Путин телефон арқылы келіссөз жүргізді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

Коллаж

Алматы, NEGE. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей Федерациясының президенті Владимира Путиннің телефон арқылы жүргізілген келіссөзі өз мәресіне жеткенін хабарлады.

Трамп пен Путиннің әңгімесі 2,5 сағатқа созылды. Олар телефон арқылы Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге түбегейлі қадам жасау және тұтқын алмасу жайын талқылаған.

Путин Трамптың 30 күн бойы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасамау туралы ұсынысына келісті.

«Владимир Путин бұл бастамаға оң пікір білдіріп, ресейлік әскерге дереу тиісті бұйрық берді», – деп хабарлады Кремль.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді