28 июня 2025 г. 14:34
Трамп Канада билігімен бітімге келе алмады
АҚШ басшысы Канаданың америкалық компанияларға салық енгізгені үшін сауда келісімі болмайтынын мәлімдеді.
Алматы, NEGE. АҚШ пен Канада бір-біріне сауда тарифтерін енгізуге бел байлады. Сонымен қатар Дональд Трамп көршілес елді аннексиялаймын деп бірнеше мәрте қайталады. Дегенмен тараптар шілде айының ортасында тіл табысуға тағы ұмтылады.
Кеше Трамп әлеуметтік желіде америкалық технологиялық компанияларға салынған үлкен салыққа байланысты келіссөздерді тоқтататынын мәлім еткен еді.
Алдағы аптада АҚШ Канададан келетін импортқа жаңа тарифтерді жариялауға әзірленбек. Әзірге олардың мөлшері қанша болатыны нақтыланбады.