Трамп G20 саммитіне бармайтынын мәлімдеді

 АҚШ президенті Дональд Трамп қараша айында Оңтүстік Африка Республикасында өтетін «Үлкен жиырмалықтың» (G20) саммитіне бармайтынын мәлімдеді. Оның орнына кездесуге АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қатысады, деп хабарлады DW.

Christopher Furlong / Getty Images

Алматы, NEGE. Трамптың айтуынша, 2026 жылғы G20 саммиті желтоқсанда Майами маңындағы Дорал қаласында орналасқан, өзіне тиесілі гольф-клуб пен қонақүй кешенінде өтеді.

— Иә, ол Доральде өтеді. Барлығы дәл сол жерде болуын қалайды, себебі курорт әуежайға жақын орналасқан. Бұл ең жақсы жер әрі тамаша, — деді АҚШ президенті, оның сөзін AFP агенттігі жариялады.

Республикалық саясаткердің айтуынша, саммитті ұйымдастырудан қаржылай пайда көздеу қарастырылмаған.

— Бұл ақшаға қатысты келісім емес, — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Трамп АҚШ-та өтетін саммитте Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинді қуана қабылдайтынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті