Трамп алдағы дүйсенбіде Ресей жайлы маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты

"Ресей жөнінде маңызды мәлімдеме жасаймын деген ойдамын", – деді АҚШ президенті Дональд Трамп NBC телеарнасына телефонмен сұхбат берген кезде.

Bloomberg/Getty Images

Алматы, NEGE. Бұған қоса ол "Ресейден көңілі қалғанын" айтты.

Сұхбат барысында президент Трамп Ресейдің Украинаны нысанаға алған жаппай шабуылдары жалғасып жатқаны үшін Ресей президенті Владимир Путинді сынға алды.

Трамп Ресейдің энергетика ресурстарын сатып алып отырған мемлекеттерге қарсы санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасын Конгрестің мақұлдағанын күтетінін айтты.

"Олар өте ауқымды әрі ауыр заң жобасын қабылдайды, алайда оны іске асыру не іске асырмау құқығы президенттің өзінде қалады", – деп нақтылады АҚШ президенті.

Бұған қоса президент Трамп НАТО елдерімен маңызды келісім жасалғанын хабарлады. Ол келісім аясында альянс елдеріне Украина армиясына жеткізу үшін америкалық қару-жарақты сатып алуға мүмкіндік берілмек.

"Біз НАТО-ға қару жөнелтеміз, ал НАТО бұл қаруды әрі қарай жеткізіп, оның ақысын төлейді", – деді Трамп.

Қазір оқып жатыр

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?

«Қайрат Сатыбалды әскери колледжде дәріс оқыған»: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді