Трамп АҚШ-та 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамыр бұдан былай АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы ресми Жеңіс күні ретінде саналуы керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Трамптың айтуынша, АҚШ-тың одақтастарының көпшілігі 8 мамырды Жеңіс күні ретінде атап өтсе де, соғысты аяқтауда шешуші рөлді дәл Америка атқарған.

«Біз Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жету үшін кез келген елден әлдеқайда көп еңбек сіңірдік. Біздің күшімізге, батырлығымызға ешкім жақын келген жоқ. Бірақ біз ештеңені атап өтпейміз – өйткені бізде енді ондай қабілетті басшылар жоқ», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Трамп 11 қарашаны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп қайта атауды ұсынды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады