Трамп Қазақстаннан әкелінетін тауарларға 25% баж салығын енгізді

Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстаннан әкелінетін барлық тауарға 25 пайыз мөлшерінде кедендік баж салығы енгізілетіні туралы ресми хат жолдады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Хаттың мәтіні Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды.

Хатта Дональд Трамп 1 тамыздан бастап АҚШ Қазақстаннан келетін барлық импорттық тауарға 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеген.

Truth Social

Сондай-ақ Қазақстан Америкада өндіріс орындарын ашса, бұл тарифтер қолданыстан шығуы мүмкін деген ұсыныс білдірген.

АҚШ 1 тамыздан бастап Қазақстаннан басқа Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия және Тунистен әкелінетін тауарларға 25 пайыздық баж салығын енгізеді.

         Дайындаған Бердібек Рауан

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр