Трамп АҚШ Бас штабының басшысын қызметінен босатты

Трамп АҚШ Қарулы күштерінің штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасын қызметінен босатты, деп хабарлады Синьхуа ақпарат агенттігі. 

oxu.az

 Алматы, NEGE. АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні АҚШ Қарулы күштерінің штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы, әскери-әуе күштерінің генералы Чарльз Браунды жұмыстан босатып, бұл қызметке Әскери-әуе күштері генерал-лейтенанты Дэн Кейнді ұсынатынын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ Сенаты Говард Лютникті Сауда министрі етіп бекітті. «Cantor Fitzgerald» қаржылық қызмет көрсету компаниясының бұрынғы бас директоры Лютник Трамп кабинетінің 17-ші расталған мүшесі болды. Ол Сауда министрлігі Санақ бюросын, Ұлттық метеорологиялық қызметін, Патент және тауар белілері кеңсесін, Ұлттық мұхиттық және атмосфералық басқарманы, Экономикалық талдау бюросын және Ұлттық азшылық бизнесін дамыту агенттігін басқарады.

Қазір оқып жатыр

Шахтинскіде газ жарылысы: күдікті ұсталып, іс қозғалды

Атырауда Наурыз мерекесі кезінде 78 бала жоғалып кетті

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген