Трамп мемлекеттік тілді бекітуді көздеп отыр

Дональд Трамп АҚШ-та ағылшын тілін ресми тіл деп жариялайтын жарлыққа қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақ үйдің үш өкілі CNBC арнасына хабарлады.

Reuters

Алматы, NEGE. Құжат бойынша, Трамптың жарлығы 2000 жылдың тамыз айында бұрынғы президент Билл Клинтонның шығарып, федералды агенттіктер мен басқа да мемлекеттік қаржы алушылардан ағылшын тілін жақсы білмейтін адамдарға қызмет көрсетуін талап еткен директиваны жоюды көздейді.

«Жарлық федералды агенттіктерге қазіргі саясатты сақтауға және құжаттар мен қызметтерді басқа тілдерде ұсынуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Алайда, құжатта сонымен қатар, ол «жаңа американдықтарды ұлттық тілде сөйлеп, үлкен мүмкіндіктерге жол ашуға» ынталандыратыны атап өтілген», — деп хабарлады телеарна.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ