Трактормен далада адасып кеткен екі ауыл тұрғыны табылды

Қостанай облысында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар трактормен далада адасып кеткен екі ауыл тұрғынын тапты.

Алматы, NEGE. 31 желтоқсан күні сағат 16.00 шамасында Қамысты ауданының Свободное кентінің екі тұрғыны осы ауданның Дружба кентіне трактормен бағыт алған. Олар жолды қысқартамыз деп шешім қабылдап, далалы жермен жүрген.Нәтижесінде, трактордың доңғалағы жарылған.

Бұл аумақта ұялы байланыс болмаған. Жоғалып кеткендердің туыстары жақындары байланысқа шықпағанын дабыл қаққан. Осыдан кейін Қамысты полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Марат Аяпов пен Нұрболат Зарлыханов іздеуге шықты. Олар жоғалған адамдарды тауып, ТЖ қызметкерлерінің көмегімен далда қалғандарды эвакуациялады. 

Құтқару операциясы бүгін 2023 жылдың 1 қаңтарында сағат 11.00-де аяқталды.