Тірі кірпіні тепкілеп футбол ойнағандар жазаланды

Ақтөбеде кірпіге қатыгездік танытқандарға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Полиция

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында бір топ жастар футболды тірі кірпіні тепкілеп ойнағаны анықталды. Тексеру барысында бұл оқиға Ақтөбе қаласында орын алғаны белгілі болды.

Күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ҚК-не сәйкес, жануарларға қатыгездікпен қарау оның мертігуіне әкеліп соққан жағдайда 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді