Toyota Қытайдағы зауыттарының жұмысын тоқтатады

Toyota Қытайдағы зауыттарын 9-ақпанға дейін жабу туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. Toyota Motor Corp басшылығын мұндай қадамға елдегі тәжвирусы індетінің өршіп тұрғаны мәжбүр еткен. Қытайдың Тяньцзинь қаласы мен Гуандун провинциясында бірнеше зауыты істейтін Toyota компаниясы бүтін бір қала мен провинциялардың жабылуына байланысты ол жақтан қажет бөлшектер тасымалдаудың қиындап кеткенін мәлімдейді.

Бұған дейін жапонның тағы бір автоконцерні - Honda Motor да Қытайдағы Жаңа жыл мейрамынан кейін Шанхайдағы жылына 850 мың мотоцикл жасайтын екі бірдей зауытының жұмысын тоқтата тұруды жөн көрген. Бұл туралы жапонның «Асахи» газеті хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті