Toyota 10-ақпаннан Қытайдағы зауыттарының жұмысын тоқтатады

Короновирустың өршіп кеткеніне байланысты Toyota компаниясы Қытайдағы зауыттарының жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE.  Компания таратқан баспасөз баянында «жергілікті және аймақтық билік орындарының ақыл-кеңесін қаперге алып, қосалқы бөлшектер жеткізу мен логистика мәселелерін зерттей отырып, осындай тоқтамға келгендері» жазылған.

Toyota Қытайдағы зауыттарының жұмысын 17 ақпанда жалғастыруға үмітті. Компания сонымен бірге вирус індетіне қарсы күрес шарасына қатысуға ниет білдірді. Атап айтқанда медициналық бетперде, дәрігерлерге арналған қорғаныш костюмдері мен зарарсыздандыратын құралдар сатып алмақ.

Қытайда Toyota компаниясының көлік және бөлшек шығаратын 12 зауыты бар.

 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін