Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Алматы, NEGE. «Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.

Бұған дейін Ильин ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Юрий Ильин 1968 жылы 9 сәуірде Куйбышев қаласында дүниеге келген. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін және Қырғыз мемлекеттік заң академиясын бітірген.

1998-2015 жылдары Алматыда жұмыс істеді, алдымен Алматы қалалық ТЖ басқармасының азаматтық қорғау бөлімін басқарды, неге ол Алматы қаласы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы болды. Кейін Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2015 жылы Ильин Президент Әкімшілігіне мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.

2016 жылдың сәуірінде ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын.

«Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікті басқаруға Мәжіліс депутаты Владимир Божконың дәмесі бар екен» деген әңгіме шыққан. Алдағы жылы 72 жасқа толатын В.Божко бұрын осы министрлікті басқарған.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты