Төтенше жағдайлар министрі адам өмірін құтқарамын деп қайтыс болды
Ресей Федерациясының төтенше жағдай министрі Евгений Зиничев қызметтік борышын орындау кезінде көз жұмды.
Алматы, NEGE. Ол ведомствоаралық оқу-жаттығу кезінде адам өмірін құтқарған.
"Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Евгений Зиничевтің қызметтік міндетін орындау кезінде опат болғанын қайғырып хабарлайды. Ол арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысып, адам өмірін құтқаруға тырысқан", - делінген ресми хабарламада.