Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Өмірге үміт сыйлаңыз» акциясына қатысты

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Донор күні» қарсаңында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс-шара» акциясы аясында қалалық қан орталығында қан тапсыру іс-шарасы өтті.

Шымкент, NEGE. Аталған акцияға төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру қызметінің, «Қазселденқорғау» Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері, сондай-ақ, «Жас отан» жастар қанатының және «Жастар ресурстық орталығының» еріктілері қатысты.

Қан орталығында акцияға қатысушылар толық медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлер тарапынан пайдалы кеңестер алды. Қайрымдылық іс-шарада департаменттің 30 қызметкері мен 30 волонтер 30 литр (әр қайсысы 450 граммнан) тапсырып, «Өмірге үміт сыйлаңыз» игі іс-шараға өз үлестерін қосты.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты