Төтенше жағдайдан 20 мың адам зардап шекті

Бразилияның оңтүстігінде су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 57-ге жетті. Оның 48-і ең қатты зардап шеккен Минас-Жерайс штатында тіркелген.

Алматы, NEGE. Биліктің хабарлауынша тағы 19 адам іс-түссіз жоғалғандар қатарында.

Айта кетейік, 24 ақпан күні Белу-Оризонтиде соңғы 110 жылда рекордтты деңгейдегі 171 милиметр жауын жауды. Минас-Жерайс штатының 99 қаласында табиғи апат алдында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Ал Алегри мэриясы нөсер салдарынан дамбы жарылу қаупі бар деп, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Жалпы су тасқыны мен сел жүру салдарынан өңірде барлығы 20 мыңдай адам баспанасын тастап, қашуға мәжбүр болған.

Қазір оқып жатыр

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Қырғызстанда министр қоғамдық орында шылым шеккені үшін жазаланды

Шахтинскіде газ жарылысы: күдікті ұсталып, іс қозғалды