Төтенше жағдай жарияланды

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі жаңа коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдайдың жалпыұлттық режимін жариялады.

Алматы, NEGE. «Мен ресми түрде ТЖ режимін жариялаймын», – деді ол.

Трамп бұл жағдай вируспен күресуге «50 миллиард долларға дейін» бөлуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігіне коронавирусқа қарсы күресу үшін жаңа өкілеттіктер беріледі. Ведомство дәрігерлер мен ауруханаларға вируспен күресуде "барынша икемділік" беру үшін қолданыстағы заңнама нормаларына өзгеріс енгізе алады. Оның ішінде денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер басқа штаттардағы науқастарға көмектесе алу үшін лицензиялық режимді жеңілдетеді. Бұдан басқа, ауруханалардағы төсектер саны көбейеді. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларға қосымша дәрігерлерді тартуға мүмкіндік береді.

«Біз ешқандай ресурсты аямаймыз, мүлде ешқайсын», – деді Трамп.

Қазір оқып жатыр

YouTube пен Instagram жас қызға 4,2 млн доллар төлеуге тиіс

28 наурызда онкологиялық орталықтар науқастарды тегін әрі жолдамасыз қабылдайды

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды