Төтенше жағдай тағы бір айға ұзартылды

Арменияда коронавирус індетіне байланысты 2020 жылдың 16 наурызында жарияланған төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Алматы, NEGE. Мұндай шешім ел Үкіметінің кезектен тыс отырысында қабылданды.

Арменияда төтенше жағдай режимі бұған дейін бірнеше рет ұзартылған еді.

Осы жолы тағы бір айға, яғни 11 қыркүйекке дейін, жергілікті уақытпен сағат 17:00-ге дейін ұзартылды.

«Біз төтенше жағдайды тағы ұзартуымыз керек. Бұл соңғы рет болады деп үміттенеміз», – деді Армения премьер-мнинистрі Никол Пашинян.

Ол сондай-ақ осы жолғы төтенше жағдай біраз жеңілдейтінін айтты. Бұдан бөлек, осыған байланысты бүгін, Ұлттық жиналыста кезектен тыс отырыс болатыны мәлім етілді.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған