Төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды
Мемлекет басшысы ресми сайтының хабарлауынша, елдегі төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлықта былай делінген: «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын».
Мемлекет басшысының мұндай жарлыққа қол қоюына негіз бар. Өйткені Қазақстанда коронавирус індетінің таралуы шарықтау шегіне жеткен жоқ. Керісінше, күннен-күнге артып барады. Соңғы мәлеметке қарағанда елімізде індет жұқтырғандардың саны 1179 адамға жеткен.