2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші Вице-министр сотталды

Ақмола гарнизонының әскери соты Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші Вице-министр И. Күлшімбаевқа қатысты сот үкімін жариялады. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сот Мемлекет басшысының атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.