Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау облыстық филиалының басшысы сотталды

«Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы сотталды, деп хабарлады Антикор. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 сотымен «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім жарияланды.

Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді