Төтенше жағдайлар министрлігі үндеу жасады

ТЖМ елдегі қолайсыз ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берді.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, дауылды ескертулер жарияланған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болу керек.

Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар. Қатты жел кезінде жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған