Төтенше жағдай: Ұлытауда екі пойыз соқтығысып қала жаздады

Ұлытау облысындағы Қызылжар – Түйемойнақ теміржол стансасы аралығында төтенше оқиға тіркелді. Тек машинистің жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиға болған жоқ. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 24 тамыз күні кешкі сағат 21:38-де Қызылжар – Түйемойнақ теміржол стансасы аралығында (Жарық – Жезқазған участогі) №107 жолаушылар пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Жолаушылар пойызының машинисі өз жолында жүк пойызы тұрғанын дер кезінде байқап, тешегішті басқан. 

– Локомотив бригадасының кәсіпқойлығы арқасында төтенше жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Алайда шұғыл тоқтату салдарынан бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алды. Адам шығыны болған жоқ, – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК.

Пойыз қозғалысы 23:14-те қайта қалпына келтірілді. Оқиғаның себеп-салдарын арнайы комиссия анықтайтын болады. 

Қазір оқып жатыр

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады

Жақсылық Омарға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Есікті майыстырып жіберген: Жетісу облысында аш аю қонақ үйге кірмек болған

Алматы әкімдігі Орталық саябақтың 5 га жерін қайтарып алды