2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Тосқауыл бекеттерінің жұмысы тоқтатылды ма?

Алматы қалалық полиция Департаменті карантиндік режимнің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылғанын хабарлайды.

 

Алматы, NEGE.  Қазіргі уақытта патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған.  Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады.
 Сонымен қатар, Алматы қалалық полиция Департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын еске салады.