Төрт құрлық чемпионаты: Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада үздік ондыққа кірді

Сеулде (Оңтүстік Корея) төрт құрлық чемпионаты аясында әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл турнирде Қазақстанның намысын Софья Самоделкина мен София Фарафонова қорғады.

Самоделкина 63,98 ұпай жинап, уақытша сегізінші орынға жайғасты. Ал Фарафонова 42,02 ұпаймен 19-орынға ие болды.

Қысқа бағдарламада бірінші орынды 74,02 ұпаймен оңтүстіккореялық Ким Чхэ Ён иеленді.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 23 ақпанда өтеді.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды