Төрт облыста жарық сөнді
Қазақстанның төрт облысында тұрғындар жарықсыз қалды.
Алматы, NEGE. "KEGOC АҚ ұлттық операторының 500 кВ желілерінде өшірілуіне байланысты төрт облыста – Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында электр энергиясын беруге шектеу қойылды", – деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Серікжан Ерментаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл шектеулер алып тасталды. Абоненттерді қайта қосу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар қазіргі уақытта ақаудың себебін анықтап жатыр.