Төрт облыста ескерту жарияланды

Төрт облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Қазгидромет.

Алматы, NEGE. 20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. 20 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Сол күні Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

20 желтоқсанды Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Сол күні Өскемен қаласында желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

20 желтоқсанда түнде Түркістан облысындағытауларда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Сол күні Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Түркістан қаласында да оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді.

20 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20, 23 м/с жетеді. Сол күні Қостанай қаласында қар жауады, бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады