Төрт турист "Шайтан көліне" барып, адасып кеткен

 ТЖМ құтқарушылары адасып қалған туристерді тапты, деп хабарлады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында төрт турист "Шайтан көлі" бағытына бет алған.

Олар жергілікті жерге жетпей, қараңғы түскеннің салдарынан кері қайта алмай адасты. Жақын орналасқан биік тауға шығып, құтқару қызметіне қоңырау шалды. Құтқарушылар аталған координаттар бойынша жедел түрде шақыру орнына келді. Тепловизоры мен түнгі камерасы бар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен "Берлога" демалыс аймағынан төрт шақырым жерде жоғалған адамдар табылды, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Туристер құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған