Торнадо: Бір ауыл қирап қалды

Чехияға торнадо қайта төніп, солтүстік-батыстағы ауылдың тас-талқанын шығарды.

Алматы, NEGE. Зардап шеккендер жоқ. Алайда, материалдық шығын ондаған миллион еуроға бағаланып отыр.

Чехияның оңтүстік-шығысында орналасқан Оңтүстік Моравияға соққан алғашқы торнадо бірнеше елді мекендегі үйлерді қиратқан болатын. Кем дегенде 300-ге жуық адам зардап шекті. Қаза болғандар саны 5 адамға дейін артты.

Ал жұма күні күші сәл әлсіздеу торнадо Чехияның солтүстік-батысындағы ауылға соқты. Қазір Оңтүстік Моравияда 7 елді мекенде іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде.

Синоптиктердің мәліметінше, торнадо күші 5 балдық деңгейдің 3-інші немесе 4-інші деңгейіне жетті. Оның арты теннис добының көлеміндей бұршаққа ұласты. Бір отбасылар баспанадан айырылса, бірінің үйі жарықтан ажыраған.

Зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жөнелтілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады