«Төрелердің» төбелесі

Желіде жиі талқыға түсіп жатқан оқиғаның бірі – мейрамхана ішіндегі  отырыстан кейінгі төбелес. Дереккөздің мәліметінше, аталған жайт Алматы облысында болған. Қызып алған бірнеше ер азаматтың мейрамхана ішінде атой салғаны бейнекамераға түсіп қалыпты.

Алматы, NEGE. Бейнежазбаны Jexennews telegram-каналына жарияған автор ұрыс шығарушының бірін Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары дейді. Не де болса, аталған кешке қатысқан кейбір мемлекеттік қызметкер үшін доңыз жылының аяғы мен тышқанның басы тым сәтсіз болды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, ішімдікке тойып алып, қоғамдық тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланады. Тіпті, қызметтен босатылуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады