Төрехан Сабырхан бокстан Азияның төрт дүркін чемпионы атанды

Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Төрехан Сабырхан төрт дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 67 келі салмақта сынға түскен Төрехан Мұхаммадазизбек Исмаиловты жеңді. Финалдық кездесуде қарсылас спортшы екі рет нокдаун алып үлгерді.

Осылайша, Төрехан Сабырхан Азия чемпионатындағы алтындар санын төртеуге жеткізді.

Айта кетелік, одан бөлек бүгін Өнер Сейілхан, Толғанай Қасымхан, Аяжан Ермек, Алексей Хаванцев, Аяжан Сыдықтар өз салмақ дәрежелерінде топ жарды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?