Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды

Әнші Төреғали Төреәлінің Астанада 7 шілдеге жоспарланған концерті өтпейтін болды.

Алматы, NEGE. Концерт Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтуі тиіс еді.

Ақпаратты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның баспасөз қызметі растады.

"7 шілдеде Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның концерті өтеді деп жоспарланған болатын. Кеше, 22 маусымда концертті ұйымдастырушы концерттің болмайтынын хабарлады. Демек, бұл концерт біздің залда өтпейді", – деп хабарлады филармонияның баспасөз қызметі.

Концерттің өтпеуіне жақында болған оқиғаға байланысты әншінің қамауға алынуы себеп. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?