22 июня 2023 г. 8:24

Төреғали Төреәліні қамауда ұстау мерзімі үш күнге ұзарды

Фото:

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жазаға тартылып, қосымша 3 күнге қамауға алынды. 

Алматы қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат А-ға қатысты ӘҚКо 613-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қаралды.

"2023 жылы 14 маусымда өткенде сот отырысында сот азамат А-ның полицияның заңды талабын орындамағанын анықтады. Сот отырысында тәртіп бұзушы іс материалдарында тіркелген фактілерді ішінара нақтылады. Сот қаулысына сәйкес, азамат А. жоғарыда аталған бапта қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берді деп танылып, оған үш тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Тегтер: