30 сентября 2022 г. 8:54
Төреғали Төреәліге қатысты істің жай-жапсары белгілі болды
Полиция қызметкерлері әнші Төреғали Төреәліге қатысты істің жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. "Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған. Құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажет сараптамалық зерттеу жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы Полиция департамент басшылығының бақылауына алынды", - делінген хабарламада.