Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

Қамауға алынған Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты.

Алматы, NEGE. Бұл туралы әншінің адвокаты Эльнура Кішкенебаева хабарлады. 

"Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!", - деп жазды ол. 

Төреғали Төреәлі 14 маусымда полицейлерге бағынбай, балағат сөздер айтып, полицейлерден қашпақ болған кезде ұсталған болатын.