29 сентября 2022 г. 16:05

Төреғали Төрәлінің ісін полиция тексеріп жатыр

Фото:

Төреғали Төрәлі Көлсай көлінде гид жігітті соққыға жықты деген видео тараған болатын. 

Алматы, NEGE.  Даулы видеоға қатысты Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желіде пікір білдірді.

"Тексеру шаралары басталды. Алматы облысы ПД басшысының тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Жүргізілген іс-шараларды Алматы облысының Полиция департаменті бақылауға алады", — деп хабарлады Рустам Әбдірахманов.

Тегтер: