30 сентября 2022 г. 15:11

Төреғали Төрәлі қамауға алынды (видео)

Фото:

Төреғали Төреәлі «Бұзақылық» бабы бойынша Алматы облысы Талғар қаласындағы Уақытша ұстау изоляторларына қамалды. 

Алматы, NEGE. Egovpress телеграм каналында жарияланған видеода Төреғалидің қолына кісен салып, алып бара жатқанын көруге болады. 

Бұған дейін Төреғали Төрәлі Көлсай көлінде гид жігітті соққыға жықты деген видео тараған болатын. 

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған. Құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажет сараптамалық зерттеу жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы Полиция департамент басшылығының бақылауына алынды", - делінген еді хабарламада.

Тегтер: