Төреғали Төреәлі желідегі жұрттан сүйінші сұрады

Әнші Төреғали Төреәлі алты баланың әкесі атанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

@toregalitoreali

Алматы, NEGE.Ол қуанышын оқырмандарына өлеңмен жеткізген.

"Алла деп бағындырдым биыл шыңды,
Перзентхана екінші үйім сынды...
Алтыншы рет бұйырды әке атану,
Алты Алаштан сұраймын сүйіншімді!" -
 деп жазды әнші желіде.