Top Rank Жәнібек Әлімханұлының алдағы чемпиондық жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Top Rank промоутерлік компаниясы жанкүйерлеріне 21 мамырда Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің жақындап қалған күнін еске салды, оның хедлайнері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британдық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жек болады, деп жазады Prosports.kz.

Астана, NEGE.   Орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Промоушен өзінің әлеуметтік желілерінде Жәнібек пен негізгі жекпе-жекке қатысушы америкалық Джамел Херрингтің (23-3, 11 КО) жаттығуынан видео жариялады. «Бұл екеуі дайын тұр. «Қазақ стилі» және Джамель Херринг. Жәнібек - Дигнум, 21 мамыр ESPN арнасында», - делінген хабарламада.

Еске салайық, шоуда бұрынғы әлем чемпионы Херринг жеңіл салмақта жеңілмеген отандасы Джамайн Ортиспен (15-0-1, 8 КО) жұдырықтасады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды