ТОП-10. Қазақстандағы ең ірі 10 ұлтаралық қақтығыс хронологиясы
1950-2020 жылдар аралығында Қазақстанда 10 ірі ұлтаралық қақтығыс орын алған. Оның төртеуі шешендермен, екеуі түріктермен, қалғаны ұйғырлармен, тәжіктермен, армяндармен және дүнгендердің қатысумен өткен.
1951 жыл. Шығыс Қазақстан. Шешендермен қақтығыс
Өскемен рудниктерінде орын алған бұл қақтығысқа қазақтар қатысқан жоқ. Жанжал рудник жұмысшылары - орыстар мен шешендер арасында орын алды. Рудниктерде түрмеден босап шыққандар көптігінен түрлі қылмыстық әрекеттер жасалды. Оқиғаның нақты неден басталғаны құпия сақталды.
1989 жыл. Жаңаөзен. Шешендермен қақтығыс
Би алаңында қазақтар мен кавказдықтар арасындағы төбелес бүкіл қаланың көтерілуіне әкеліп соқты. Толқулардың мұрағат құжаттары әлі құпия күйінде сақтаулы. Екі жүзге жуық адам қаза тапқан деген бейресми цифрлер келтіріледі. Жаңаөзенге арнайы жасақтар кіргізілгеннен кейін, басқа ұлттың өкілдері түгелімен көшірілген. Толқу төрт күн бойы толастамады.
1992 жыл. Өскемен. Шешендермен қақтығыс
Арматура зауытының жатақханасында төрт қазақ жігітінің мәйіті табылғаннан кейін, қылмыс шешендер тарапынан жасалды деген қауесет тарап, адамдар көтеріле бастайды. Халық шешендер тұратын "Овечий Ключ" ауылына топтасып бет алған. Милицияның араласуымен қарулы қақтығысқа жол берілмеді.
2006 жыл. Теңіз. Түрік жұмысшыларымен қақтығыс
Теңіз мұнай кен орнындағы түрік және қазақстандық жұмысшылардың жаппай төбелесі болды. Төбелес ұшқыны асханада орын алған. Артынан қарулы қақтығысқа ұласты. Нәтижесінде жарақат алған жүзден астам түрік жұмысшысы шұғыл елдеріне қайтарылды.
2006. Шелек. Ұйғырлармен қақтығыс
"Cтарый замок" кафесінде күтпеген жерден қазақ пен ұйғыр жастарының арасында қақтығыс орын алды. Арты жастардың адам жинай бастауына әкеліп соққан. Іске ақсақалдар араласып, жастарды бітімге шақырып, қантөгіс дер кезінде тоқтатылды.
2007 жыл. Казатком, Маловодное. Шешендермен қақтығыс
Болмашы ұшқыннан шыққан өрт Махмахановтар әулетінің трагедиясына алып келді. "Ботагөз" бильярд клубында жергілікті тұрғынның бірі Бекжан Сәлімбаев Магомед Махмахановпен жұдырықтасқан. Сол күні кешке Магомедтің інісі Тахир Бекжанды көлігімен қағып, аяғын травматикалық тапаншамен жариялайды. Жиналған халыққа ағайынды Махмахановтар оқ жаудырып нәтижесінде екі адам қайтыс болған. Артынан ауыл тұрғындары үйді өртеп, үш ағайынды қаза табады.
2015 жыл. Бостандық, Ынтымақ ауылдары. Тәжіктермен қақтығыс
Толқуларға Ынтымақ ауылының тұрғыны Бақытжан Артықовтың тәжік азаматының қолынан қаза табуы себеп болды. Халық көтеріліп, тәжіктерге жататын бірнеше тұрғын үйлер мен көліктер өртенді. Артықовтың туыстары тәжіктерді көшіруді талап етті. Бірнеше тәжік отбасы қоныс аударды.
2016 жыл. Бурыл. Түріктермен қақтығыс
Түрік ұлтының 17 жасар жасөспірімі тонау мақсатында үйге кіріп, 5 жасар баланы пышақтап өлтірген. Бірден ауыл жұрты көтеріліп, түріктердің үйлеріне тас атқылаған. Жанжалға ақсақалдар мен полиция араласып, тараптар мәмілеге келді.
2018 жыл. Қарағанды. Армяндармен қақтығыс
Жаңа жылда Қарағандыда «Ежелгі Рим» мейрамханасында қонақтар мен мейрамхана қызметкерлері арасында төбелес болды. Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, тағы бірнеше адам жарақат алды. Қарағандыда арманядарға қарсы митингтер өтіп, әлеуметтік желілерде түрлі үндеулер жарияланды. Бірнеше армян отбасы репрессиядан қорқып, қаланы тастап кетті.
2020 жыл. Масаншы оқиғасы. Дүнгендермен қақтығыс
Ресми ақпарат бойынша, Сортөбе ауылында көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Осыған байланысты полицейлер мен жүргізушінің туыстары арасында жанжал туып, жергілікті тұрғындар полиция көлігіне тас атып, полицейлермен жаға жыртысқан. Заң органы қызметкерлеріне бағынбаған адамдардың үстінен қылмыстық іс көтерілген. Одан кейін Масаншы ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес орын алып, артынан түнде көліктер мен үйлер өртенді. Адам шығыны бар.