Тонаушы қолға түсті

Ақтөбеде белгісіз адам карантинді бұзып, дүкенге ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ер азамат түнде шағын маркеттен ақша мен азық-түлікті ұрлағысы келген.

Алматы. NEGE. 12 сәуір сағат 23.00 шамасында Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери жасағы патрульдеу бағытында жүрген кезінде Полиция департаменті жедел басқару орталығы кезекшісінен теміржол вокзалы маңындағы Ломаносов кешесі бойында орналасқан “Бозторғай” шағын маркетіне белгісіз біреудің кіріп кеткені туралы ақпарат алады. Дабыл алысымен әскери жасақ басшысы қатардағы Әділ Маратұлы, патрульшілер Бақтияр Мұхтар және Тұрғанбек Анарбаевпен бірге дүкенге жол тартады. Оқиға орнына келгенде дүкеннің терезесін бұзып кірген ер азаматты байқайды. Ол азық-түлік пен дүкен кассасынан 50 мың көлемінде ақшаны алып үлгерген екен. 1979 жылы туған ер азамат қолға түсіп, мән-жайды анықтау үшін құзырлы мекеме қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін