Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Исатай ауданының Томан ауылында 80 орындық балабақша қараша айында пайдалануға беріледі. Қазір нысанның құрылысы толық аяқталып, мектепке дейінгі ұйымды ашуға қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Астана, NEGE. Аумағы 2 209,2 шаршы метр болатын балабақша төрт топқа есептелген. Ғимаратта балаларға арналған топтық бөлмелермен қатар, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қажетті кабинеттер мен қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Томан ауылында бұған дейін мектепке дейінгі білім беру ұйымы болмаған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңа балабақшаның ашылуы ауыл балаларына мектепке дейінгі білімді өз елді мекенінде алуға мүмкіндік береді.

«Балабақша салу ауыл тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі болды. Нысан ашылғаннан кейін балалар өз ауылында мектепке дейінгі білім алады. Бұл – Томан тұрғындары көптен күткен маңызды әлеуметтік нысан», – деді балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Ақмарал Өтебаева.

Балабақша іске қосылғаннан кейін мұнда 15-ке жуық адам жұмыс істейді. Олардың қатарында тәрбиешілер, педагогтер және өзге де қызметкерлер бар.

Құрылыс жұмыстары Атырау облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілді. Мердігер – «Гранд Мастер» ЖШС.