21 апреля 2020 г. 17:09

Том мен Джеридің аниматоры көз жұмды

Фото:

Әлемдегі ең танымал мультфильмдердің бірі Том мен Джеридің аниматоры Джин Дейч 95 жасқа қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы Cartoon Brew сайты хабарлады.

Алматы, NEGE. 16 сәіуірден 17-сіне қараған түні Прагадағы пәтерінде Джин Дейч қайтыс болған. Алғашқыда аниматордың «коронавирустан көз жұмғаны» туралы әңгіме болғанымен, оның туған-туыстары мұны жоққа шығарды.

Джин Дейч

Естеріңізге салайық, атақты Том мен Джери мультфильмі ең алғаш 1940 жылы шыққан. 13 рет «Оскар» сыйлығына ұсынылып, алтын статуэтканы жеті рет жеңіп алған.

Тегтер: