Том Круз бен Илон Маск ғарышта фильм түсірмек
Голливуд актері Том Круз бен Space X-тің негізін қалаушы Илон Маск ғарышта толықметраж фильм түсірмек.
Алматы, NEGE. Deadline мәліметінше, бұл жоба NASA-мен талқыланып жатыр. 57 жастағы актер мен 48 жастағы кәсіпкер дәл қазір NASA-мен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.
NASA басшысы Джим Брайденстайн Twitter желісіндегі парақшасында ғарышта фильм түсірелетінін растады.